Бүгін 7 қалалық емханада Дүниежүзілік Астма күніне орай Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында пульмонолог дәрігер 15 пациентке тегін кеңес беріп, бронх демікпесінің алдын алу мен тиімді емдеу жолдары жөнінде құнды ақпаратпен бөлісті.
Бұл шара қала тұрғындарының денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, аурудың ерте алдын алуға ықпал етті. Белсенділік танытып, қатысқан барша тұрғындарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!