Астана қаласы әкімдігінің "№7 қалалық емхана" ШЖҚ МКК, "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігінің "№7 қалалық емхана" ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:
1) Астана қаласы әкімдігінің "№7 қалалық емхана" ШЖҚ МКК қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Астана қаласы әкімдігінің "№7 қалалық емхана" ШЖҚ МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардың осы талқылауға 19.06.2025 жылы сағат 16:00-де қатысуларын сұраймыз. Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29 мекенжайы бойынша, 3 қабат (мәжіліс залы).
Көпшілік талқылауға қатысуға ниет білдірушілер 8-747-650-35-70 телефоны арқылы хабарласа алады.