2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Көпсалалы ауруханаларды салу және қайта жаңарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында нысандарды жедел іске қосу, заманауи технологияларды енгізу – уақыт талабына сай дер кезінде қабылданған әрі аса маңызды бастамалар.
Осыған орай №7 қалалық емханада медициналық қызметкерлер арасында түсіндіру шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Жолдауда айтылған негізгі бағыттар талқыланып, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.
№7 қалалық емхана ұжымы Президент бастамаларын толық қолдайды. Біз оларды алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайтудың, аурулардың алдын алуды жетілдірудің, оңалту қызметтерін кеңейтудің және халық денсаулығын жақсартудың жаңа мүмкіндіктері деп білеміз. Сондай-ақ, кадрлық әлеуетті дамыту мен қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі біз үшін айрықша маңызды. Бұл міндет Жолдауда негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалған.
Біз Президент тапсырмаларының жүзеге асуы медициналық көмекті баршаға қолжетімді, әділ әрі тиімді ететініне сенімдіміз.
№7 қалалық емхана ұжымы қойылған міндеттерді орындауға белсене атсалысып, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесін қосуға әрдайым дайын.