Контрацепция тақырыбы бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары
- Жарияланды 13.05.2025 14:23
- Қаралды: 60
№7-қалалық емхананың акушер-гинеколог маманы тұрғындарға контрацепция тақырыбы бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, жүктіліктің алдын алу әдістері және контрацепция түрлерінің тиімділігі туралы жан-жақты ақпарат беруде.
Түсіндіру барысында әрбір әдістің артықшылықтары мен мүмкін болатын жанама әсерлері, сондай-ақ жеке ерекшеліктерге байланысты дұрыс таңдау жасау маңыздылығы атап өтілуде.
Бұл шараның мақсаты — отбасы жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және әйелдердің денсаулығын қорғауға үлес. #ДеніСауҰрпақ #ЗдоровоеПоколение