АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді

№7 қалалық емхана мамандары №64 мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мақсатында №7 қалалық емхананың медицина қызметкерлері №64 мектепте АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, ерте анықтаудың маңызы және қоғамдағы стигма мәселесі туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Бұл іс-шара жастардың медициналық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.