Тіс жегісінің (кариес) алдын алу және ауыз қуысы гигиенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-танымдық тренинг

Астана қаласындағы №7 қалалық емханаға қарасты 38 мектепте оқушылар арасында тіс жегісінің (кариес) алдын алу және ауыз қуысы гигиенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде ақпараттық-танымдық тренингтер өткізілді. Іс-шара барысында балаларға ауыз қуысының тазалығының маңыздылығы, тіс жегісінің пайда болу себептері мен алдын алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет беріліп, тісті дұрыс тазалау әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Сонымен қатар, тренинг интерактивті форматта өтіп, оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, гигиеналық құралдарды қолдану бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді. Іс-шара оқушылардың стоматологиялық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған маңызды қадам болды.