Халықаралық есірткіні теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күні

Халықаралық есірткіні теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, 7-қалалық емхана Атырау көпірі маңында түсіндіру-алдын алу шарасын ұйымдастырды.Іс-шара барысында тұрғындарға нашақорлықтың зияны туралы мәлімет беретін брошюралар таратылып, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізілді. Бұл акцияның мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу болды.