АИТВ дегеніміз не?

АИТВ дегеніміз не?
Бұл — адамның иммун жүйесін зақымдайтын вирус. Уақтылы емделмесе ЖИТС-ке әкелуі мүмкін.
АИТВ қалай жұғады?

- Қан арқылы (ортақ инелер, қан құю кезінде);
- Жыныстық жолмен (қорғансыз қатынас);
- Анадан балаға (жүктілік, босану немесе емізу кезінде).

Күнделікті қол алысу, құшақтасу, бір ыдыстан тамақ ішу, жөтел немесе түшкіру арқылы АИТВ ЖҰҚПАЙДЫ!

#АИТВ #ЖИТС #Сақтану