Назар! Хабарландыру!
- Жарияланды 19.09.2022 10:40
- Қаралды: 482
Құрметті емделушілер!!!
№7 Қалалық емхана әкімшілігі сізге жатыр мойны обырына қарсы айлығына байланысты емхананың ересектер корпусында 213 кабинетінде 20 қыркүйекте сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Ашық есік күні өтетінін хабарлайды.
Сол күні:
- акушер - гинеколог дәрігерінің қарауы және консультациясын
- жатыр мойны обырын алдын алу бойынша ақпараттық – білім беру материалын аласыз.
Қалалық сенбілік
- Жарияланды 17.09.2022 12:54
- Қаралды: 530
2022 жылдың 17 қыркүйекте ШЖҚ МКК Нұр-Сұлтан қаласының «№7 қалалық емханасында» жалпы қалалық сенбілік өтті.
Сенбілікке 158 -ге жуық адам қатысты.
Мекеме қызметкерлері іргелес аумақты тазалап, оны қоқыстан, құлаған жапырақтардан, ағаштардың құрғақ бұтақтарынан тазартты.
ҚалалСенбілік ұйымдасқан түрде өтті, емхана аумағы барынша тартымды көріне бастады.