«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: әрбір пациентке қамқорлық» тақырыбында семинар

30.06.2026 емханамызда ӘМСҚ Астана қаласы филиалының қызметкерлерінің қатысуымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: әрбір пациентке қамқорлық» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар спикері Шынар Сатылханқызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзекті мәселелер, МӘМС аясында медициналық көмекті көрсету ерекшеліктері, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат беріп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

ӘМСҚ Астана қаласы филиалына мазмұнды әрі пайдалы семинар үшін алғысымызды білдіреміз!

АИТВ - заманауи емдеу

 АИТВ-мен өмір сүретіндерге заманауи емдеу толыққанды өмір суруге мүмкіндік береді

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында емханамыздың кардиолог дәрігері Назира Тиыштыковна Маломанова ElordaInfo.kz тілшісіне сұхбат берді

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында емханамыздың кардиолог дәрігері Назира Тиыштыковна Маломанова ElordaInfo.kz тілшісіне сұхбат берді.

Сұхбат барысында дәрігер еңбек жолы және пациент сенімінің маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Сұхбаттың толық нұсқасы сілтемеде https://elordainfo.kz/article/nazira-malomanova-dariger-ozine-senimdi-bolsa-sol-senimdi-pacientinin-sanasyna-uialata-alady

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

19 маусым күні Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Салтанатты жиында өз ісіне адалдық танытып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген әріптестеріміз марапатталып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.