Медицина қызметкерлері күні қарсаңында аға мейірбике Бақыткүл Жұматаевна Алмабекова "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды
- Жарияланды 17.06.2026 16:13
- Қаралды: 60
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында емханамыздың №1 ЖТД бөлімшесінің аға мейірбикесі Бақыткүл Жұматаевна Алмабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Бақыткүл Жұматаевна өзінің еңбек жолын 1986 жылы бастап, денсаулық сақтау саласында 40 жылға жуық уақыт бойы абыройлы еңбек етіп келеді. 2007 жылдан бері №7 қалалық емханасында қызмет атқарып, өз ісіне адалдығымен, жоғары жауапкершілігімен және кәсіби біліктілігімен ұжым арасында және пациенттер арасында зор құрметке ие.
Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері күніне орай клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісі Людмила Петровна Тарнавская Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды
- Жарияланды 16.06.2026 17:33
- Қаралды: 48
Әр марапаттың артында өз мамандығына адал, ел денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген жан тұрады.
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара барысында №7 қалалық емхананың клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі Людмила Петровна Тарнавская Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Людмила Петровна — денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. 2021 жылдан бастап біздің емханада қызмет атқарып келеді. COVID-19 пандемиясы кезінде зертханалық қызметтің маңызды жұмысына өз үлесін қосып, пациенттерге уақытылы және дәл диагностика жүргізуге атсалысты. 2023 жылдан бастап клиникалық-диагностикалық зертхананы басқарып, ұжымдық жұмысты тиімді ұйымдастырып келеді.
Людмила Петровнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың аралық қорытындыларын жария талқылау өткізілді
- Жарияланды 10.06.2026 18:42
- Қаралды: 38

Бүгін, 2026 жылғы 10 маусымда, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК қызметіндегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың аралық қорытындыларын жария талқылау өткізілді.
Талқылау барысында СЖТІТ-тің алдын ала нәтижелері, негізгі тәуекел аймақтары, сондай-ақ ішкі процестерді жетілдіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша алдағы міндеттер айтылды.
Барлық қатысушыларға қатысқандары және сындарлы пікір білдіргендері үшін алғыс айтамыз. Айтылған ұсыныстар қорытынды талдамалық анықтаманы дайындау барысында ескерілетін болады.
Анонс! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
- Жарияланды 05.06.2026 16:22
- Қаралды: 41
АНОНС!
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі №4 Үлгілік базалық бағыт жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі екі бағыт бойынша жүргізілді:
- Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты барлық ниет білдіруші азаматтарды 2026 жылғы 10 маусымда сағат 12:00-де өтетін жария талқылауға қатысуға шақырамыз.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29, 3-қабат (мәжіліс залы).
Жария талқылауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша ақпарат алу үшін 8-747-650-35-70 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.















