МӘМС туралы қарапайым тілде

 

7 Сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні

Денсаулық күніне орай №7 қалалық емхана мамандары №38 мектепте «Денсаулық – біздің байлығымыз» тақырыбында танымдық әрі мазмұнды лекция өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы және аурулардың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді. Лекция қызықты форматта өтіп, қатысушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарына толық жауап алды.

Аталған шара жас ұрпақтың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға және олардың дұрыс өмір салтын қалыптастыруына үлкен ықпал етті.
#Денсаулықкүні
#БізБіргеСалауаттыӨмірСүреміз
#ҒылымдыҚолдаймыз #СауТаңдау
#ВсемирныйДеньЗдоровья

"Ұлттық киіммен - бір күн" флешмобы

 "Ұлттық киіммен - бір күн" флешмобы

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Сіздерге зор денсаулық, молшылық, бақ-береке және әр шаңыраққа шаттық тілейміз. Ұлыстың ұлы күні баршаңызға жақсылық пен жаңару әкелсін!