Балаларды оңалту бөлімінің жұмысы

Балаларды оңалту бөлімі – бүлдіршіндердің денсаулығын қалпына келтіру жолында.

Біздің емханада балаларға арналған оңалту бөлімі жұмыс жасайды. Мұнда дәрігерлер мен мамандар әр баланың денсаулығын жақсартуға, қозғалыс белсенділігін арттыруға және толыққанды дамуына көмектеседі.

Оңалту шаралары:

емдік дене шынықтыру
массаж
физиотерапия
логопед және психолог көмегі
жеке оңалту бағдарламалары

Бөлімде балаларға жайлы әрі қауіпсіз орта жасалған. Басты мақсатымыз – әр баланың денсаулығын нығайтып, өмір сапасын жақсарту. 

Баланың денсаулығы – басты назарымызда!