№64 мектепте туберкулез ауруының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша лекция

№64 мектепте туберкулез ауруының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша санитариялық-ағарту жұмысы жүргізіліп, оқушыларға арналған лекция ұйымдастырылды.

Лекция барысында туберкулездің ауа-тамшы жолы арқылы таралатыны, аурудың негізгі белгілері, ерте анықтаудың маңыздылығы және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсіндірілді.