Наурыз көже - береке бастауы
- Жарияланды 20.03.2026 12:50
- Қаралды: 52

Емханада Наурыз мейрамы қарсаңында ата дәстүрімізге сай қасиетті Наурыз көже дайындалып, пациенттер мен қызметкерлерге ұсынылды.
Наурыз көже — береке, бірлік пен адал ниеттің символы, жеті түрлі дәмнен (ет, сүт, су, тұз, май, дән, ұн) жасалады. Ол қыстан аман шығуды, тоқшылықты, жаңаруды білдіріп, көрші-қолаңды бір дастарханға жинап, татулықты нығайтады.
Ұлыстың ұлы күні әр шаңырақ бұл тағамды молшылық пен берекенің нышаны ретінде әзірлеп, жаңа жылды ақ тілекпен қарсы алуға мән береді.
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында біздің педиатр дәрігеріміз туралы ақпарат
- Жарияланды 06.03.2026 16:37
- Қаралды: 37

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында біздің педиатр дәрігеріміз туралы ақпарат ұсынамыз
Педиатр дәрігер Тұрсынова Балкадиша Жұмабекқызы 2021 жылдан бері 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды, профилактикалық тексерулер жүргізеді, вакцинация жасайды және ата-аналарға балалардың дамуы мен денсаулығына қатысты кеңес береді.
Балкадиша Жұмабекқызы өз біліктілігін үнемі арттырып, конференцияларға белсенді қатысады және кәсіби жетістіктері үшін марапаттарға ие болып жүр. Оның мұқияттылығы, жанашырлығы және жоғары кәсібилігі балалардың дені сау болып өсуіне, ал ата-аналардың өздерін сенімді әрі қолдауда сезінуіне көмектеседі.
Балкадиша Жұмабекқызы сияқты мамандардың еңбегі әрдайым бағаланып, ал балалардың алғысқа толы күлкісі олардың ең үлкен марапаты болсын.














