10 қазан – Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні
- Жарияланды 10.10.2025 14:04
- Қаралды: 113
10 қазан – Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні
Аталған күн аясында №7 қалалық емхананың психологтары психикалық денсаулықтың маңыздылығын арттыру және күйзелістің алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі тегін скринингтер: денсаулықты қалай сақтауға болады?
- Жарияланды 08.10.2025 10:52
- Қаралды: 100
07.10.2025ж сағат 11:00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі тегін скринингтер: денсаулықты қалай сақтауға болады» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке емханамыздың медицина жөніндегі директордың орынбасары Тиштенова Асем Калихайдаровна қатысты.
Инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде таныңыз!
- Жарияланды 30.09.2025 11:10
- Қаралды: 97
Инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде таныңыз!
№7 қалалық емхананың невропатолог дәрігері FAST тест жайлы түсіндіреді:
F (Face – бет): Адамнан күлуін сұраңыз. Беттің бір жағы қимылдамай қалуы мүмкін.
A (Arms – қол): Қолдарын көтеріп тұруын өтініңіз. Бір қолы төмен түсіп кетуі мүмкін.
S (Speech – сөйлеу): Қарапайым сөйлем айтуын сұраңыз. Сөйлеуі бұзылып, анық естілмеуі мүмкін.
T (Time – уақыт): Егер осы белгілердің бірін байқасаңыз – уақытты жоғалтпай, дереу «103»-ке қоңырау шалыңыз!
Инсульт кезінде әрбір минут маңызды. Ерте көрсетілген көмек адамның өмірін сақтап, денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні
- Жарияланды 29.09.2025 10:55
- Қаралды: 85
29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне орай, "Хабар" арнасының "Оян" бағдарламасына емханамыздың кардиолог дәрігері Маломанова Назира Тыиштыковна қатысып, жүрек саулығын сақтау жолдары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.
29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні (2)
- Жарияланды 29.09.2025 10:55
- Қаралды: 71
29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне орай, "Хабар" арнасының "Оян" бағдарламасына емханамыздың кардиолог дәрігері Маломанова Назира Тыиштыковна қатысып, жүрек саулығын сақтау жолдары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.














