Дүниежүзілік Астма күніне орай Ашық есік күні
- Жарияланды 06.05.2025 12:30
- Қаралды: 80
Бүгін 7 қалалық емханада Дүниежүзілік Астма күніне орай Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында пульмонолог дәрігер 15 пациентке тегін кеңес беріп, бронх демікпесінің алдын алу мен тиімді емдеу жолдары жөнінде құнды ақпаратпен бөлісті.
Бұл шара қала тұрғындарының денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, аурудың ерте алдын алуға ықпал етті. Белсенділік танытып, қатысқан барша тұрғындарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Халықаралық цинга күні
- Жарияланды 02.05.2025 11:20
- Қаралды: 93
Бүгін — Цинга туралы халықаралық хабардарлық күні. Цинга — ағзада С дәруменінің (аскорбин қышқылы) жетіспеуінен туындайтын ауыр дерт. Бұл аурудың алғашқы белгілеріне әлсіздік, қызыл иектің қансуы, тері асты қан құйылулар және тәбеттің төмендеуі жатады.
Цингадан сақтану үшін:
– С дәруменіне бай тағамдарды (цитрус, қарақат, қырыққабат, көкөністер) көбірек тұтыныңыз
– Салауатты өмір салтын ұстаныңыз
– Уақтылы профилактикалық тексерулерден өтіңіз
Денсаулығыңызды күтіңіз — ол сіздің ең басты байлығыңыз!
Иммундалу бойынша Адам паппилома вирус бойынша түсіндірме шараларлы жүргізілді
- Жарияланды 02.05.2025 10:27
- Қаралды: 105
№7 емханаға қарасты №37 мектепте Иммундалу бойынша Адам паппилома вирус бойынша түсіндірме шараларлы жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу бойынша анонс
- Жарияланды 30.04.2025 16:55
- Қаралды: 89
Анонс
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу бойынша АҚПАРАТ
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 27 наурызда бекітілген Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖІТ) жүргізу кестесіне сәйкес және 2025 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» типтік негізгі бағытын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 2 мамыры мен 16 маусымы аралығында Астана қаласы әкімдігінің «№ 7 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК алдын ала бағалау жүргізілетін болады.
СЖІТ Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Типтік ережесіне сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.