Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу бойынша анонс

Анонс 

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу бойынша АҚПАРАТ

«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 27 наурызда бекітілген Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖІТ) жүргізу кестесіне сәйкес және 2025 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» типтік негізгі бағытын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 2 мамыры мен 16 маусымы аралығында Астана қаласы әкімдігінің «№ 7 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК  алдын ала бағалау жүргізілетін болады.

СЖІТ Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Типтік ережесіне сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

СЖІТ дайындау және жүргізу барысында келесі шаралар жүзеге асырылады:

  1. «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде СЖІТ жұмысының басталуы туралы хабарландыру – 30.04.2025 жылға дейін;
  2. СЖІТ жүргізу бойынша бұйрықты бекіту – 02.05.2025 жылға дейін;
  3. СЖІТ басталуы – 05.05.2025 жылға дейін;
  4. «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде СЖІТ нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарландыру – 05.06.2025 жылға дейін;
  5. СЖІТ нәтижелерін қоғамдық талдауы – 13.06.2025 жылға дейін;
  6. СЖІТ нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамаға қол қоюы – 03.07.2025 жылға дейін;
  7. СЖІТ нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу – 03.07.2025 жылға дейін;
  8. «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК интернет-ресурсында аналитикалық анақтама мен Іс-шаралар жоспарын хабарландыру – 07.07.2025 жылға дейін;
  9. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың жойылуын СЖІТ нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды орындау туралы ақпаратты дайындау арқылы бақылауды жүзеге асыру – талдамалық есепке қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде;
  10. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесін құру, СЖІТ нәтижелері бойынша – 27.06.2025 жылға дейін.

«№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон +7 747-650-35-70 бойынша («№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК комплаенс офицері К.Рыстамбайғахабарласуларыңызды сұраймыз.