Глаукома – көруді үнсіз ұрлайтын ауру

Глаукома – көруді үнсіз ұрлайтын ауру

Глаукома – көз ішіндегі қысымның жоғарылауынан көру жүйкесінің зақымдануы. Бұл ауру ұзақ уақыт бойы белгісіз өтіп, адамның көруін біртіндеп тарылтады. Уақытында анықталмаса – қайтымсыз соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Алдын алу:
Жыл сайын офтальмологқа тексерілу
Қан қысымын бақылау
Көзге шамадан тыс күш түсірмеу
Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты

Есте сақтаңыз: Глаукоманы ерте анықтау – көруіңізді сақтаудың басты жолы!