Челленжд "Біз туберкулезді жеңе аламыз"

 №7 қалалық емхана базасындағы «Шаңырақ» жастар денсаулық орталығы эстафетаны №2 қалалық емхана базасындағы «Алтын Арай» ЖДО-нан қабылдап алып, эстафетаны «Демеу» ЖДО-на жолдаймыз.

Туберкулезге қарсы айлық аясында

Ағымдағы жылдың 16 наурызында туберкулезге қарсы айлық аясында Ғабиден Мұстафин 15/2 мекенжайы бойынша №7 қалалық емхана аумағында орналасқан үй тұрғындарына «Флюкар» көлігімен флюорографиялық тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

- туберкулездің таралу жолдары,

- туберкулездің алғашқы белгілері,

- туберкулездің алдын алу.

Қызметкерлер арасында боулингтен жарысы өтті

15 наурыз күні емханамыздың қызметкерлері AQNIET денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласындағы филиалы ұйымдастырған боулингтен жарысқа белсене қатысты. Боулинг-бұл спорт қана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты нығайту және салауатты өмір салтын қолдау мүмкіндігі.

Назар! Хабарландыру!

Құрметті №7 қалалық емхана аумағында орналасқан үй тұрғындары! Туберкулезге қарсы айлық аясында флюрографиядан өтуге шақырамыз. Флюрография “Флюкар” көлігінде 2024 жылдың 16 наурызында сағат 9:00-13:00 аралығында Ғабиден Мұстафин 15/2 мекенжайында жүргізіледі. Call-орталығы: 69-71-98.