"Елордадағы туберкулез ауыртпалығын азайту" атты семинар – кеңесі өтті

20.02.2023 жылы  Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" Туберкулез ауруына қарсы айлығын өткізуге дайындықты ұйымдастыру шеңберінде №7 қалалық емханада "Елордадағы туберкулез ауыртпалығын азайту" атты семинар – кеңесін өткізді .Семинарда қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры А .Б. Цепке және үйлестіруші Б. К. Ермағамбетова, сондай-ақ "Санат Әлемі" ҮЕҰ өкілі М. А. Медетов сөз сөйледі. Семинар барысында Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамыту жолдары талқыланды.

Дифтерия – жіті жұқпалы ауру

Дифтерия – жіті жұқпалы ауру, ол Лефлера таяқшамен шақырылады және ауыз қуысындағы қабыну және ауыр жалпы интоксикациясымен көбінесе білінеді.

Таралу жолы: ауа - тамшылы. Жөтелу және түшкіру арқылы қоздырғышы бөлінеді. Дені сау адамның ағзасын қоздырушысы жұтқыншақ және жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы түседі.

Клиникасы: ағзаға қоздырғыштың түскен сәттен бастап аурудың бірінші белгілері 2 күннен - 5 күнге дейін өтеді. Алғашқы ауру белгілері – жоғары дене қызуы, әлсіздік, тамақтың ауырсынуы. Бадамшамалары лас-сұр түсті болады. Мұндай науқастарға әдетте ангина диагнозы қойылады. Оны дифтерия қосымша лабораториялық зерттеу әдістерінен ажыратуға қиын.

Назар! Хабарландыру!

Назар аударыңыз! Хабарландыру!

Құрметті тұрғындар!

2024 ж. әр айының екінші Сәрсенбісі, сағат 15:00 Астана қаласы әкімдігінің №7 қалалық емхана әкімшілігі халықпен кездесу өткізеді. Сіздерді емхананымыздың конференц-залында  күтеміз.

Мекенжайымыз: Ш.Құдайбердіұлы 29, 3 қабат.

Өңірлік кадр резерві

 

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 наурыз күні Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, құжаттар осы жылдың наурыздың 31-іне дейін onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту.

Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысуға жіберіледі.

Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне 8 (7172) 24-89-26, 24-88-96 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды

Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.

Осындай ақпарат қазақстандықтарға қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын қадағалауға көмектеседі.

Карта-хабарламаны жіберу үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабарламаны жөнелтуші, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін байланыс деректерін көрсету, одан кейін «Жіберу» тетігін басу қажет.

Мобильді қосымшадағы жаңа қызмет дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі үшін және фармакологиялық нарық айналымына қатысушылармен, оның ішінде ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға арналған тиімді құрал қызметін атқарады.

Google Play Market
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari

AppStore
https://apps.apple.com/kz/app/darikz/id1518808783