Есептік кездесу өтті

2023 жылдың 12 қыркүйегінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, №7 қалалық емханада тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Астана қаласы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы – Джуманов Гуламжан Иристаевич спикер болды.

Назар! Хабарландыру!

Құрметті пациенттер!

12.09.2023 жылдан бастап емханада «Гриппол» вакцинасымен тұмауға қарсы тегін иммундау басталды.

Вакцинация алу үшін, Сіз учаскелік дәрігерлерге жүгіне аласыз.

"Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайтындықтан, бір рет ауырып, өмір бойы иммунитет алу мүмкін емес. Өткен жылы алынған тұмауға қарсы иммунитет биылғы тұмау вирусынан құтқармайды. Сондықтан жыл сайын тек ағымдағы жылғы вакцинамен егу қажет. Иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы (12 ай) сақталады.

Назар! Хабарландыру!

Құрметті №7 қалалық емхананың пациенттері мен келушілері, 2023 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 16:00-де ересектер ғимаратының мәжіліс залында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорның қызметкерлерінің бекітілген тұрғындармен есептік кездесуі жоспарланған.

«Сібір жарасы» тақырыбы бойынша семинар өтті

2023 жылдың 7 қыркүйегінде  № 7 Қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Құдайбергенов Т.Қ. емхананың ересектер ғимаратының акт залында «Сібір жарасы», тақырыбында медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар барысында Сібір жарасының этиологиясы, берілу жолы, клиникасы мен диагностикасы, және алдын алу шаралары айтылды.

Семинарға жергілікті дәрігерлер, терапевтер және медбикелер қатысты.

Жүкті әйелдер мен емізетін аналарға Ашық есік күні өткізілді

2023 жылы 03 тамызда №7 Қалалық емхана базасында дені сау бала кабинетінде жүкті әйелдер мен емізетін аналарға Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - емшек сүтімен емізу, емізетін әйелді тамақтандырудың маңыздылығы,емізетін әйелді қолдау, емшек сүтімен емізуге бейімділікті қалыптастыру, емшек сүтімен емізуге ықпал ететін аналардың негізгі құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ жұмысқа шыққаннан кейін жұмыс орнында тиісті жағдай жасау. Іс-шара мейірімді және сенімді ортада өтті. Әйелдер қызықтыратын сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.