«Кәсіптік аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар өтті
- Жарияланды 18.05.2023 18:32
- Қаралды: 403
2023 жылы 18 мамырда № 7 қалалық емханасында балалар ғимаратының акт залында «Сity Card Medical» медициналық денсаулық орталығы «кәсіптік аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда кәсіби аурудың негізгі себептері мен кәсіби аурулардың ең көп таралған түрлері талқыланды.
Гипертониямен күрес күніне арналған ашық есік өтті
- Жарияланды 18.05.2023 17:54
- Қаралды: 408
2023 жылдың 18 мамырында №7 қалалық емханада «OMRON» компаниясының өкілімен Гипертониямен күрес күніне арналған «Артериялық қысымыңызды дәл өлшеңіз. Оны басқарыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз» атты акция өтті. Шара барысында қан қысымын өлшеудің дұрыс техникасы, сондай-ақ қан қысымын өлшеу кезінде жиі кездесетін қателіктер бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Жаңа сымсыз тонометрлер мен жүрекшелердің фибрилляциясын анықтау мүмкіндігі бар тонометрлер таныстырылды.
Дүниежүзілік меланомамен күрес күні аясында
- Жарияланды 17.05.2023 15:09
- Қаралды: 395
Сенбі күні, 20 мамырда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық онкологиялық ғылыми орталығының клинико-диагностикалық орталығында терінің қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді.
Акция Дүниежүзілік меланомамен күрес күні аясында өткізілуде.
Меланома тері қатерлі ісігінің сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті түрі және медициналық тексеруді қажет етеді!
Тері обырын ерте диагностикалаудың маңыздылығы дамудың бастапқы кезеңдерінде емделу ықтималдығының айтарлықтай артуымен түсіндіріледі.
Ашық есік күнінде емделушілер онкологтардың тегін білікті кеңесін ала алады және дерматоскопиялық тексеруден өтеді.
№7 Қалалық емханасында - Шұғыл медициналық көмек бөлімшесі жұмыс істеп бастады
- Жарияланды 17.05.2023 14:58
- Қаралды: 398
Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті
- Жарияланды 13.05.2023 13:59
- Қаралды: 426
2023 жылдың 13 мамыры No7 қалалық емхананың ересектер ғимаратында Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті. Шараға көп балалы ата-аналар шақырылып, денсаулықтарын тексеру үшін келесі дәрігерлердің қабылдауынан өте алды: