Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара өтті
- Жарияланды 12.05.2023 18:06
- Қаралды: 571
2023 жылдың 12 мамыры No7 қалалық емхананың Балалар ғимаратында Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара өтті. Балаларға арналған «Анам, әкем, мен – бірге біз бір отбасымыз» атты арт-терапия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар жануарлар мен жемістердің суреттерін тапты.
Медбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті
- Жарияланды 12.05.2023 18:02
- Қаралды: 431
2023 жылғы 12 мамыр №7 қалалық емхананың мәжіліс залында медбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті. Емхана директоры Қуанышева А.Ш. медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Емхана әкімшілігі атынан медбикелерге алғыс хаттар мен мадақтамалар табыс етілді.
Құрметті медбикелер Сіздің күнделікті жұмысыңыз бен жұмысыңызға деген сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет.
«Темекіге тәуелділік, психикалық денсаулыққа әсері»
- Жарияланды 11.05.2023 16:53
- Қаралды: 390
2023 жылдың 11 мамырында «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, сондай-ақ ҰАҚ АМУ психиатрия және наркология бөлімімен, ішкі аурулар бөлімімен бірлесіп темекіге тәуелділіктің алдын алу айлығы аясында «Темекіге тәуелділік, психикалық денсаулыққа әсері» атты қалалық медициналық конференциясын өткізді. Конференцияға, Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының, емдеу мекемелері мен емханаларының салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, «Астана медицина университеті» 2-5 курс студенттері, интерндер мен резиденттер қатысты.
Жалпықалалық қоғамдық сенбілік жалғасуда
- Жарияланды 06.05.2023 12:06
- Қаралды: 406
Бүгін «№7 қалалық емхана» қызметкерлері «Таза қала өзіңнен басталады» ұранымен өткен жалпықалалық қоғамдық жұмысқа белсене қатысуды жалғастырды! Мекеме қызметкерлері айналаны тазартты.
Дүниежүзілік демікпе күніне арналған дәріс өтті
- Жарияланды 05.05.2023 17:07
- Қаралды: 388
2023 жылғы 5 мамыр. Жоғары санатты пульмонолог дәрігер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық аймақаралық пульмонологиялық комиссиясының төрағасы – Гаркалов Қ.А. №7 емхана дәрігерлері үшін Дүниежүзілік демікпе күніне арналған респираторлық практикум бойынша «Амбулаториялық негізде бронх демікпесін диагностикалау және емдеу» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында пульмонолог – Гаркалов Қ.А. өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті.