ЕГЕР СІЗ ТӘУЕЛСІЗ ТӨЛЕУШІ БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?

Егер сіз жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер болмасаңыз және тұрақты табысыңыз болмаса, сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тәуелсіз төлеуші ретінде қатыса аласыз. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сіздің төлеміңіздің мөлшері ай сайын 3 мың теңгені немесе 1 ЕТЖ-нің 5% - ын құрайды. 

Донор болудың артышылықтары мен донор болуға қойылатын талаптар

Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есеге сирек ауырады. Қан тапсыру арқылы, сіз жүрек-қантамырлары жүйесін бекітесіз және ағзаның өзіндік жаңартылу қызметін қосасыз.

Донор -  өз қанын, онымен бірге науқасқа – денсаулық, өлім аузындағы адамға  - өмір сыйлайтын адам. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 203-бабына сәйкес, 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады.

Қалалық сенбілік

2022 жылдың 16 сәуірде ШЖҚ МКК Нұр-Сұлтан қаласының «№7 қалалық емханасында» жалпы қалалық сенбілік өтті. Сенбілікке 180-ге жуық адам қатысты.

Ұжым бар ынтамен жұмысты атқарды.

Емхана аумағы көріктеніп, сенбілік ұйымшылдылықпен өтті.

Қатысушылар мұндай жұмыстар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға  және жастарға үлгі болатынына сенімді.

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде тойланады

Осы жылы дүниежүзілік денсаулық күні «Біздің планетамыз, біздің денсаулығымыз» деген девизбен өтпек. Бұл ұран адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау, қоғамдық денсаулықты белсенді түрде нығайту және «әл-ауқат қоғамдарын» құру бойынша шұғыл әрекет етуге шақырады.

Емханада ұжыммен дене шынықтыру жаттығу шаралары өткізілді. 56 медицина қызметкері қатысты.