Назар! Сауалнама!
- Жарияланды 19.05.2022 14:07
- Қаралды: 514
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізіледі
- Жарияланды 17.05.2022 09:56
- Қаралды: 518
2022 жылы Қазақстан Республикасындағы Балалар жылын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 20 мамыры – балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізіледі.
Балаларды қабылдау 7-ші емхананың балалар ғимаратында жүзеге асырылады:
1. Невропатолог 09.00-дан 16.00-ге дейін. 304 кабинет
2. Көз дәрігері 08.00-дан 13.00-ге дейін 201 кабинет
3. Тіс дәрігері 09.00 – дан -16.00- ге дейін, 205 кабинет
4. Психолог 09.00 – дан - 16.00- ге дейін, 313 кабинет
5. Реабилитолог 09.00-ден 16.00-ге дейін 301 кабинет
Қазақстанда 40 оңалту орталығы балалардың денсаулығын қалпына келтіруді жүзеге асырады
- Жарияланды 16.05.2022 00:31
- Қаралды: 535
БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ФАКТІЛЕРІ:
Ағымдағы жылдың басынан бері республикада 8 жаңа заманауи оңалту орталығы және 2 ерте араласу орталығы (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 17 ерте араласу орталығын (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашу күтілуде.
Соңғы екі жылда қалпына келтіру емі және оңалту төсектерінің саны 2 есеге артты (2575-тен 4216-ға дейін).
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 11 560 бала қалпына келтіру емінен өтті.
Сондай-ақ, амбулаториялық оңалту белсенді дамуда: 2022 жылдың 1 тоқсанында 4,2 мыңнан астам бала емханалар деңгейінде медициналық оңалтудан өтті.
Халықаралық Отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 13.05.2022 17:49
- Қаралды: 582
№ 7 емханада Халықаралық Отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға біздің пациенттердің балалары мен емхана қызметкерлері қатысты.
Отбасының маңызды функцияларының бірі-баланы әлеуметтендіру. Іс-шара жағымды көңіл-күймен, конкурстармен және сыйлықтармен өткізілді. Барлығы өткізілген іс-шараға риза болды.