Ашық есік күні өтті!

2023 жылдың 4 мамырында CHF (Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) кабинетінде ашық есік күні өтті.

-Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды ауру мәселесі туралы ақпараттандыру.

-Шара барысында науқасқа жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алу бойынша нұсқаулар берілді.

-Науқастарға жүрек-қантамыр жүйесінің жиі кездесетін аурулары туралы кеңес берілді.

-18 науқас көмек көрсетілді, СЖЖ алғаш рет 2 науқаста анықталды.

Назар! Ашық есік күні!

СЖЖ (Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі)  кабинетінде  ашық есік күні.

Өтетін орны: №7 қалалық емхана, Ш.Құдайбердіұлы 29, 228 кабинет, қабылдау уақыты 08:00-13:00.

Өтетін күні 04.05.2023 ж.

Инфаркт дегеніміз не?

Миокард инфарктісінің басты себебі - жүрекке апаратын негізгі қан тамырының бітелуі. Миокард инфарктінің пайда болуындағы негізгі себептердің бірі – атеросклероз. Мұнымен ауырғанда артериялардың қабырғаларына май сияқты зат – холестерин, одан әрі тағы кальций тұздары өңездеп қалады. Тамырлар қатаяды, тарылады, бірқалыпты серпінділігінен айырылады. Атеросклероздың өңез түскен жерлерінде көбінесе жара пайда болады, қан қоюланады. Ұйыған қан, яғни тромбылар тамырларды бітеп тастайды да, жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ету нашарлайды. 

«Таза қала өзіңнен басталады» эко акциясы

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «№7 қалалық емхана» қызметкерлері «Таза қала өзіңнен басталады» ұранымен өткен жалпықалалық қоғамдық жұмысқа белсене қатысты!

Мекеме қызметкерлері айналаны тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.

Қызметкерлерге арналған семинар

2023 жылдың 27 сәуірінде № 7 Қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Құдайбергенов Т.Қ. емхананың балалар  ғимаратының акт залында «Вирусты гепатиттің алдын алушаралары, Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік  актілері», тақырыбында медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.

Семинарға жергілікті дәрігерлер мен педиатр дәрігерлер қатысты.