«Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен челлендж

2023 жылдың 27 наурызында №7 қалалық емхананың дәрігерлері жыл сайын 24 наурызда өтетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен челлендж ұйымдастырды.

Туберкулез – ауа тамшылары арқылы берілетін жұқпалы ауру. Тиісті емі болмаса, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам жылына орта есеппен 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін. Туберкулез жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қияды, дегенмен дәрігерге дер кезінде қаралып, тиісті емді қабылдасаңыз, бұл жазылатын ауру.

Санитарлық-ағарту жұмыстары

2023 жылдың 17 наурызында №7 емханаға  Алматы ауданының СЭББ санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы Аяганова Н.А. және емхана дәрігерлері Туберкулездің алдын-алу мақсатында халыққа ағарту жұмыстарын жүргізді.

«Туберкулез белгілері» тақырыбында дәріс өтті

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» айлығы аясында № 64 мектеп-лицейінің 8 -10 сынып окушыларына «Туберкулез белгілері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс оқыған СӨС дәрігері Ашимова Н.

Дәріс барысында оқушыларға Туберкулезден сақтану бойынша нұсқаулықтар айтылды.  

Таратпа маериалдарымен танысты.

Диктант жазылды.  

Оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

8-11 сынып оқушы қыздарына дәріс өтті

Гинеколог Е. Кисыкова және СӨС дәрігері Ашимова Н. №63 мектеп – гимназиясының 8-11 сынып оқушы қыздарына «Етеккір цикл фазалары» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып, таратпа маериалдармен танысты.

Скринингтен өтіңіз-денсаулығыңызға сенімді болыңыз!

ХАБАРЛАМА

Астана қаласында 20 ақпаннан бастап В және С вирустық гепатиттеріне (10 000 адам) 18 жастан асқан адамдарды скринингтен өткізу бойынша пилоттық бағдарлама басталды.

Бұл жобаның бастамашысы-ауруларды талдау орталығының қоры (CDAF).

Ұлттық ғылыми онкология орталығы Қазақстан Республикасында үйлестіруші болып табылады.

Жұмыс тобы – 18 жастан асқан 10 000 адам - МӘМС қатысушылары (әрбір емханада 2000 адамнан тест тапсырады). Жоба 3 айға есептелген.

Бүгінгі таңда жобаға қатысушылар анықталды: Астана қ. 5 МСАК ұйымдары (қалалық емханалар № 4, 5, 7, 9, 10). Әрбір емханада пилоттық жобаға қатысушының бағыты әзірленді.