Тұмауға қарсы вакцинация
- Жарияланды 26.09.2022 14:04
- Қаралды: 666
Құрметті пациенттер! Емханада 09.09.2022 жылдан бастап тұмауға қарсы "Гриппол плюс" вакцинасымен тегін иммундау басталды.
Вакцинация алу үшін, Сіз учаскелік дәрігерге жүгіне аласыз.
Тұмау вирусы жыл сайын мутациялайтындықтан, бір рет ауырып, өмір бойы иммунитет алу мүмкін емес. Алдыңғы жылы алынған тұмауға қарсы иммунитет биылғы тұмау вирусынан сақталмайды. Сондықтан жыл сайын егуді тек ағымдағы жылы өндірілген вакцинамен алу қажет. Иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және барлық маусым бойы (12 ай) сақталады.
Ашық есік күні өтті!
- Жарияланды 20.09.2022 17:26
- Қаралды: 670
2022 жылы 20 қыркүйекте №7 емханасында жатыр мойны обырының алдын алу айлығы шеңберінде әйелдердің репродуктивті жүйесінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау мақсатында тексеруден өткісі келетін әйелдер үшін Ашық есік күні өткізілді.
Мұндай іс-шаралар қоғамның назарын онкологиялық аурулар проблемасына аудару, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау, скринингтік бағдарламаларға қатысудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін жүргізіледі.
Бұл күні 213 кабинетте алдын ала жазылусыз қабылдауды акушер-гинеколог Е.И. Драгон жүргізді. Сондай-ақ онкоцитологияға Пап-тест өткізілді. Қаралған әйелдер саны – 32. Жатыр мойны обырының алдын алу бойынша білім беру-ақпараттық материалдары таратылды.

















