Емханаға бекітілу науқанына қатысыңыз - өз емханаңызды таңдаңыз
- Жарияланды 20.09.2022 11:03
- Қаралды: 649

15 қыркүйектен бастап тіркеу науқаны басталды
- Жарияланды 19.09.2022 16:01
- Қаралды: 655
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМҒА ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?
Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін бекіту тәртібі өзгеріссіз қалады.
Емханаға қалай тіркелуге болады және өтінім бойынша Сізге қанша уақытта жауап беру керек, инфографикадағы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан біле аласыз.
Шетелдіктер мен еңбекші мигранттар үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу қағидалары осы жылдың 15 тамызынан бастап өзгереді.
Енді олардың ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС) болуы тиіс. Кестеде механизм қалай жұмыс істейтінін көрсеттік.
Назар! Хабарландыру!
- Жарияланды 19.09.2022 10:40
- Қаралды: 601
Құрметті емделушілер!!!
№7 Қалалық емхана әкімшілігі сізге жатыр мойны обырына қарсы айлығына байланысты емхананың ересектер корпусында 213 кабинетінде 20 қыркүйекте сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Ашық есік күні өтетінін хабарлайды.
Сол күні:
- акушер - гинеколог дәрігерінің қарауы және консультациясын
- жатыр мойны обырын алдын алу бойынша ақпараттық – білім беру материалын аласыз.
Қалалық сенбілік
- Жарияланды 17.09.2022 12:54
- Қаралды: 665
2022 жылдың 17 қыркүйекте ШЖҚ МКК Нұр-Сұлтан қаласының «№7 қалалық емханасында» жалпы қалалық сенбілік өтті.
Сенбілікке 158 -ге жуық адам қатысты.
Мекеме қызметкерлері іргелес аумақты тазалап, оны қоқыстан, құлаған жапырақтардан, ағаштардың құрғақ бұтақтарынан тазартты.
ҚалалСенбілік ұйымдасқан түрде өтті, емхана аумағы барынша тартымды көріне бастады.















