Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 29.02.2020 15:24
- Қаралды: 743
Бүгін №7 қалалық емханада Алғыс айту күніне орай Ашық есік күні өтті.
Іс-шараны өткізудің мақсаты - ауруларды уақытылы анықтау және халықтың өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру
Емханаға келушілерге мамандардың кеңес беруі, маммография, рентгенологиялық және ультрадыбыстық диагностикадан өту ұйымдастырылды. Консультативті қабылдау кезінде емделушілерге 120 медициналық қызмет көрсетілді, ауруларды емдеу бойынша, салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар, ақпараттық материалдар берілді.
№52 мектептің 8-сынып оқушыларына туберкулездің алдын алу бойынша дәріс өтті
- Жарияланды 28.02.2020 12:56
- Қаралды: 745
№7 қалалық емхананың ММБ қызметкерлері №52 мектептің 8-сынып оқушыларына туберкулездің алдын алу бойынша дәріс өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған "Өзіңді туберкулезден қорға!" атты айлығы шеңберінде өткізілді. Туберкулез - адамның ішкі органдарын қысқа ғана уақыт аралығында түгелдей дерлік бұзатын ауру. Көп жағдайда микробактериялар өкпені зақымдайды. Туберкулездің қоздырғышы - туберкулез таяқшалары болып табылады, олар қақырықта және туберкулез жұқтырған адамның зәрінде жиі кездеседі. Ауруды жұқтырудың алдын алу үшін аурудың алдын алудың жалпы қабылданған ережелерін ұстану қажет.Іс-шара "Сұрақ-жауап" диалогы түрінде өтті. Іс-шара соңында оқушыларға ақпараттық материалдар берілді.
Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және көпбалалы аналарға арналған Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 22.02.2020 19:29
- Қаралды: 742
22.02.2020. Бүгін №7 қалалық емханада ерекше балаларды тәриелеп отырған және көпбалалы аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Келесі мамандардың кеңес беруі ұйымдастырылды: терапевт, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, кардиолог, маммолог, онколог, психолог және әлеуметтік қызметкерлер, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және зертханалық диагностика жүргізілді. Консультативтік қабылдауда аналар 100-ден аса медициналық қызмет алды және қажет болған жағдайда бірден бірнеше мамандардан өтті. Бұндай іс-шаралар отбасылардың қысқа мерзімде медициналық тексеруден тез әрі ыңғайлы өтулеріне, анықталған ауруларды емдеу бойынша және салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар алуға көмектеседі.
"Өзіңді қабылда және өзгелерге жақсылық тіле"
- Жарияланды 21.02.2020 16:33
- Қаралды: 760
№7 ҚЕ "Шаңырақ" МДО психологтары балалар корпусындағы ЕДШ залында жасөспірімдерге тренинг өткізілді. Тренинг тақырыбы: "Өзіңді қабылда және өзгелерге жақсылық тіле". Тренинг жанжалды жағдайларды жою үшін және өзара қарым-қатынасты жақсарту үшін өткізілді. Тренинг барысында жасөспірімдер белсенділік танытып, оң қуат алды.
"Отбасындағы жыныстық тәрбие. Қыз баланың жыныстық жетілуі. Ерте жүктіліктің алдын алу." тақырыбында дәріс өткізілді
- Жарияланды 21.02.2020 16:16
- Қаралды: 921
2020 жылдың 21 ақпанында №7 ҚЕ "Шаңырақ" МДО гинеколог дәрігері №37 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: "Отбасындағы жыныстық тәрбие. Қыз баланың жыныстық жетілуі. Ерте жүктіліктің алдын алу." Балалардың жыныстық тәрбиесі адамның жеке басын дамыту үшін қажет, себебі бұл тек биологиялық, физиологиялық ұғым ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ұғым. Жыныстық айырмашылықтар туралы білім жыныстық тәрбиенің шарты болып табылады және оның мазмұнын анықтайды. Дәріс кезінде оқушылар әйел ағзасының ерекшеліктері, жыныстық жетілу кезеңі және оның қалай өтетіні туралы, жыныс саласы ауруларының алдын алу туралы білді. Іс-шара "Сұрақ-жауап" диалогы түрінде өтті.
Тағы мақалалар...
- "Жатыр мойны обыры. Ерте диагностика. Емдеудің заманауи әдістері." тақырыбында дәрігерлерге арналған семинар өткізілді
- Емхана қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясына белсенді қатысты
- Емхана қызметкерлеріне коронавирустық инфекция бойынша семинар өткізілді
- МӘМС бойынша кезекті кеңес пен түсіндірме жұмыстары жүргізілді