Қалалық Көші-қон қызметі басқармасында халық арасында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
- Жарияланды 24.01.2020 12:06
- Қаралды: 686
№7 қалалық емхана қызметкерлері қалалық Көші-қон қызметі басқармасында халық арасында МӘМС бойынша кеңес берді және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және оның принциптері бойынша сұрақтарға жауап беріп, бүктеме, кітапша түрінде ақпараттық материалдар ұсынды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті
- Жарияланды 12.12.2019 17:25
- Қаралды: 800
2019 жылғы 12 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№7 қалалық емхана" МКК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Емхана басшысы ұжымды мерекемен құттықтады. Мереке қарсаңында дәрігер рентгенолог Жорағат Молдабайұлы Молдабаев "Еңбек ардагері" медалімен, хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Адайұлы Құсаинов "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" медалімен марапатталды, дәрігер рентгенолог Балтабай Хамзиұлы Төлегенов емхана әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды.
«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
- Жарияланды 21.11.2019 07:05
- Қаралды: 817
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Параграф» ақпараттық желілік басылымы және Zakon.kz желісімен бірлесіп 2019 жылдың 22 қарашасында сағат 17:00-де Кенесары к-ші, 32 мекенжайында орналасқан «Астана» концерт залының ғимаратында (бұрынғы Конгресс-холл) «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Кез-келген азамат еліміздің құқықтық қоғамдастығының үздік өкілдерінен қажетті кеңес ала алады.
Олардың арасында - прокуратура мен сот органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың заңгерлері бар.
Жоғары білікті заң көмегін алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 72-66-14, 8-705 659 4405
Тағы мақалалар...
- Қазақстан Республикасында Ауруларды басқару бағдарламасы
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі-бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі
- Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
- Қошқарбаев көшесінде тұратын тұрғындарға флюро тексеру жүргізу