Тұмаудың алдын алу шаралары!
- Жарияланды 06.10.2017 18:22
- Қаралды: 1703
05.10-06.10.2017 ж №37, №38, №42 орта мектептерінде №7 емхана психологтары Абулкасимова Г.К, Жулкеева М.А, Орынбаева А.С, Саурыкова Б.К «Тұмау және тұмаудың алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс және диктант жүргізілді. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың оқушы ағзасына пайдасы жайлы кеңестер айтылды.
"Жүректің ишемиялық ауруы. Жүрек қыспасы"
- Жарияланды 28.09.2017 18:50
- Қаралды: 2296
28.09.2017 жылы №7 қалалық емхананың кардиологы Н.Т.Маломановамен СӨСҚО қызметкерлері бірлесіп, Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде "Астана теплотранзит" АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кардиолог "Жүректің ишемиялық ауруы. Жүрек қыспасы" тақырыбына презентация көрсетті. Жүрек ауруының алдын алу, ерте диагноз қойып, емдеуге ерекше назар аударылды. Кардиологпен психолог және әлеуметтік қызметкер бірлесіп, Роузе сауалнамасы бойынша қызметкерлермен сауалнамалау жүргізді.
Емелушілерге стенокардия диагнозын қою үшін сауалнама
«Шалқар» радиостанциясының тікелей эфирінде
- Жарияланды 26.09.2017 18:39
- Қаралды: 1274
2017 жылғы 26 қыркүйекте ЖТД бөлімшесінің дәрігерлері Әскербек Ақерке мен Қожахметова Динара Бердіханқызы «Шалқар» радиостанциясының тікелей эфирінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тыңдармандардың сауалдарына жауап берді.
«Шаңырақ жастар орталығы» өз жұмысын бастайды!
- Жарияланды 14.09.2017 16:35
- Қаралды: 1174
13.09.2017 жылы № 37 орта мектебіне емхана психологтары Орынбаева А.С, Абулкасимова Г.К, 14.09.2017 жылы №43 орта мектебіне Саурыкова Б.К, Жулкеева М.А «Жолда жүру ережесін сақтайық!», «А вирустық гепатит», «Тұмаудың алдын алу», «Оқушының дұрыс тамақтануы» тақырыптарына дәріс, тренингтер жүргізілді.
Оқушыларға өте қызықты болды. Оқушылар тренингке өте белсенді түрде қатысты.
Қасиетті Құрбан Айт мерекесі
- Жарияланды 04.09.2017 14:38
- Қаралды: 4583
Қасиетті Құрбан Айт мерекесінде емхана қызметкерлері 5 көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмегін көрсетті (азық-түлік, киім-кешек, ет). Емхана қызметкерлері Тлеуленова Амина Темірбекқызына, Тулебаева Ақсауле Нысанқызына қайырымдылық істері үшін алғыс білдіреміз.