Психологилық жағынан сау болайық!!!
- Жарияланды 07.04.2017 18:23
- Қаралды: 1338
07.04.2017 ж «Босанған әйелдердің депрессиясы» жайында тренинг өткізілді. Тренингте «Босанғаннан кейінгі депрессия және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг дәріс өткізілді.Тренингті өткізген Геранюшкина А.В, Саурыкова Б.К, Орынбаева А.С, Горбанева Д.Г. Қызықты тренингтер, сұрақ – жауаптар болып, соңында кішігірім сыйлықтар таратылды.Тренинг Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай өткізілді.
Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында
- Жарияланды 06.04.2017 15:44
- Қаралды: 1470
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 06.04.2017 жылы «Депрессияға қарсымыз» атты дәріс сабақ өтті. Дәрісте депрессия жайлы ақпарат, оның түрлері, онымен қалай күресу жайлы психологтардан кеңес берілді. Дәрісте қызметкерлер белсенді түрде қатысып, керемет әсер алғаны байқалды.
Тренингті емхана психологтары Тәнібаева Ж.Ж және Саурыкова Б.К жүргізді.
Қош келдің, «әз-Наурыз!!!!»
- Жарияланды 18.03.2017 22:26
- Қаралды: 1328
18 Наурыз күні «№7 Қалалық емхана» көктемнің мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Олар өздерінің қазақтың ұлттық (түсау кесер, қалжалау) салт-дәстүрлерінен көрініс қойып қазақтың ұлттық тағамдарынан мерекелік дастархан әзірледі.
Мерекелік іс-шараны емханамыздың бас дәрігері Қуанышева А.Ш құттықтау сөзімен ашты және белсенді қатысушыларға кәсіподақ ұйымның әзірлеген сыйлықтарын ұсынды.
Наурыз мейрамы әрбір үйге бақыт, құт-береке алып келсін!
№52, №64 орта мектебінде психологтар дәрістер және тренингтер өткізді
- Жарияланды 13.03.2017 16:04
- Қаралды: 1387
13.03.2017 жылы №52, №64 орта мектебінде психолог Г.К Джаналиева, Ж.Ж.Тәнібаева және гинеколог А.Т.Абдикаримованың қатысуымен «Туберкулездің алдын алу», «ВИЧ,СПИД», «Жұқпалы гепатиттің алдын алу», «Ерте жүктіліктің қауіптілігі» тақырыптарында дәрістер және тренингтер жүргізілді. «Ерте жүктіліктің қауіптілігі» тақырыбындағы дәрісіне оқушылар белсенділік танытып, қажетті ақпараттармен қамтылды.
"Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру" тақырыбыда семинар өтті
- Жарияланды 13.03.2017 13:01
- Қаралды: 1300
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Департамент маманы Рахматулин Асқар Рашидұлы Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін ШЖҚ "№1 қалалық аурухана" МКК "Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру" тақырыбыда семинар өткізді.
Іс- шара барысында сыбайлас жемқорлық қауіп- қатерлерінің себептері және олардың зардаптары туралы түсіндірілді, басымдылыққа жол бермеуге, яғни сыбайлас жемқорлық көріністерін туғызушы себептер мен жағдайларды жоюға ығысылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетте жаңа кезең белгіленді.
Өткізілген іс- шараның ең басты негіздемесі "пара алмау, пара бермеу" болып табылады.
Семинардың соңында қатысушыларға бейнеролитктер көрсетілді.