Назар аударыңыз!
- Жарияланды 17.08.2017 11:28
- Қаралды: 1259
Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық скринингтік бағдарламаны дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін күшейту үшін инфекциялық емес сырқаттарды скринингтік зерттеу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинақтау мақсатында тұрғындар, медицина қауымы, медициналық жоғары оқу орындары, қауымдастықтар, ғылыми орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар арасында сауалнама жүргізуде.
Ұсыныстар мен скринингтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау сырқаттарды ерте анықтаудағы оның нәтижелілігіне әсер ететін кедергілерді зерделеп, скрининг жүргізу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сауалнама мына сілтемелер бойынша жүргізіледі:
орыс тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/P7FKQ7L
қазақ тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/PX2S6QS
Балаларды қорғау күні!
- Жарияланды 31.05.2017 15:49
- Қаралды: 1337
31 мамыр күні балалар мерекесі қарсаңында әлеуметтік қызметкерлер іс шара өткізді.
Бұл іс шаранын демеушісі болып Астана қаласындағы мерекелік шараларды өткізетін ең үздік кампания «АСТІОN» өткізді.
Мерекеге мүгедек балалар ата -аналар жане келген науқастар қатысты. Аниматорлар балалармен қызықты ойындар жүргізіп ата аналарды ойынға қызықтырды.
Іс шаранын соңында балалардын сүйікті ойыны «Көпіршіктер» көрсетілді.
Мереке ата аналармен балаларға жақсы ұнап алғыстарын білдірді.
«Дені сау бала» кабинетінде психолог Г.К.Джаналиева жас ата-аналарға «Гипербелсенді бала» тақырыбында дәріс жүргізді
- Жарияланды 16.05.2017 12:06
- Қаралды: 1645
16.05.2017 жылы «Дені сау бала» кабинетінде психолог Г.К.Джаналиева жас ата-аналарға «Гипербелсенді бала» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында ата-аналар гипербелсенді бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.
12 мамыр халықаралық мейірбикелер күні
- Жарияланды 12.05.2017 14:16
- Қаралды: 1509
12 мамыр мейірбикелер мерекесіне орай емханамызда мерекелік іс-шара аталып өтілді.Емхананың бас дәрігері Қуанышова Айгул Шалабайқызы мейірбикелерді мерекелерімен құттықттап, емхана жұмысына белсене қатысқан қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.Сонымен қатар мейірбикелерді емхананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мухамбетова Ұлжалғас Медетқызы және бас мейірбике Закарина Нұржамал Әлмұхамедқызы мерекелерімен құттықтады. Мерекелік іс-шараны Рахимжанова Феруза Асылханқызы,Туткабеков Ернұр Фазылұлы әдемі әндерімен әрлей түсті.Мейірбикелердің жұмыстарына алдағы уақытта табыс, дендеріне саулық тілейміз.
«Шаңырақ» жастар денсаулық орталығының жұмыстары
- Жарияланды 25.04.2017 13:04
- Қаралды: 1456
25.04.2017 жылы №38 орта мектебінде емхана психологы Г.К.Джаналиева және гинеколог-дәрігер Д.М.Кадыровамен бірлесіп «Қыз бала гигиенасы», «Жыныстық жолмен берілетін аурулар», «Жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын-алу»,атты тақырыптарға дәрістер мен трнеингтер өткізді. Жоғарыда айтылған тақырыптар 6-11 сынып аралығында жүргізілді. Интерактивті тақтамен жұмыс жасалып, слайдтар көрсетілді.Дәріс барысында мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап алып отырды.