«Шаңырақ» жастар денсаулық орталығының жұмыстары

22.02 – 23.02.2017  күндері № 37, № 44 орта мектептерде емхана психологтары (Орынбаева А.С, Абулкасимова Г.К,  Горбанева Д.Г ) «А» вирусты гепатиттің алдын алу жолдары, «Адам ағзасына ішімдіктің зияны», «Туберкулездің алдын алу», «АҚТҚ/ЖҚТБ ауры жайлы не білесіз?» «Есірткінің зияны» атты тақырыптарға дәрістер мен трнеингтер өткізді. Жоғарыда айтылған тақырыптар 1-11 сынып аралығында жүргізілді. Дәріс барысында мектеп оқушылары белсенді түрде сұрақтар қойып отырды.Сонымен қатар 1-4 сынып аралығында «А вирусты гепатит» тақырыбына диктант алынды. Және де «Қолды жуамыз, Қолды жуамыз!» атты тренинг өткізілді.

 

Үлкен сыныптағы оқушыларға "Есірткінің зияны", «АҚТҚ/ЖҚТБ туралы не білесіз?», «Ішімдіктің зияны» жайында видеороликтер көрсетіліп, ақпараттық материалдар, брошуркалар таратылды.

Дені сау бала кабинетіндегі дәріс

14.02.2017 жылы  дені сау бала кабинетінде №7 қалалық емхана психологы  Орынбаева А.С  «3-жастағы дағдарыс» тақырыбында дәріс жүргізді.Дәріс мақсаты:үш жастағы дағдарыстың алдын –алу және оны жеңу жолдарын түсіндіру.Ата-аналарға дағдарыспен күресу жолдарында қандай шешім қабылдау керектігі жөнінде  парақшалар тарқатылды.

Кіші қызметкерлердің этика және деонтологиясы

2017 жылдың  басында кіші  қызметкерлермен емхана психологтары этика және деонтология тақырыбында қызықты тренинг және дәріс өткізді.

Дәрісте кіші қызметкерлер  өзін –өзі дәрігерлер мен медбикелер  алдында   әдепті  ұстауды, емделушілермен дұрыс қарым –қатынасты орната білуді және өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарау  керектігі жөнінде айтылды.

Сонымен қатар өз жұмысына деген қызығушылықты арттырып, өмірді бағалау жайында тренинг ойыны өткізілді. Кіші қызметкерлер тренингтерге белсене қатысып, ризашылықтарын білдірді. 

Ұйымдастырушы емхана психологтары: Джаналиева Г.К ,  Орынбаева А.С, Тәнібаева Ж.Ж,  Саурыкова Б.К.

26 ақпанында Ашық есік күні өтті

2017 жылдың 26 қаңтарында «Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне» орай емханаға тіркелген тұрғындарға ашық есік күні өтті.

Арнайы мамандар, соның ішінде эндокринолог – 14, терапевт – 19, кардиолог – 35, онколог – 20, онкогинеколог – 12, көз дәрігері – 58 қабылдау өткізді. Барлығы 158 тұрғынға қызмет көрсетілді, 50 емделушіден қанның құрамындағы холестерин мен қантты анықтау үшін қан талдауы алынды. Емделушілерге онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикасы бойынша ақпараттық материалдар үйлестірілді. Сонымен қатар емхана дәрігерлеріне онкодиспансердің акушер-гинекологы Балхожаева Алия Аскарқызы «Жатыр мойны обырының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.