Туберкулездің алдын алу бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында тест жұмыстары жүргізілді
- Жарияланды 13.03.2020 14:11
- Қаралды: 935

Бүгін №7 қалалық емхана қызметкерлері №38 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары арасында "Өзіңді туберкулезден қорға!" айлығы шеңберінде туберкулездің алдын алу бойынша тестілеу жүргізді.
Туберкулездің алдын алу бойынша 4 сынып оқушыларына арналған іс-шара өтті
- Жарияланды 12.03.2020 18:15
- Қаралды: 939

12.03.2020 ж №44 мектептің 4 сынып оқушыларына емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу бойынша іс -шара өткізді. Іс-шара "Өзіңді туберкулезден қорға!" айлығы шеңберінде өтті. Оқушылар туберкулездің алдын алу, жөтел этикеті, қол жуу ережелері бойынша дәріс тыңдады және жадынама мен үндеухат түрінде ақпараттық материалдар берілді.
Туберкулездің алдын алу бойынша сынып сағаттары өткізілді
- Жарияланды 10.03.2020 18:45
- Қаралды: 884
№7 қалалық емхана аумағына қарайтын №43 мектептің 5 сынып оқушыларына емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу бойынша сынып сағатын өткізді. Іс-шара "Өзіңді туберкулезден қорға!" айлығы шеңберінде өтті.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында
- Жарияланды 06.03.2020 18:14
- Қаралды: 851

2020 жылдың 6-наурыз күні, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №7 Қалалық емханасында салтанатты іс-шара өтті.
Емхана әкімшілігі емхананың әйелдер қауымын жылы тілектерімен көктемгі мерекемен құттықтады.
Емхананың Кәсіподақ комитеті 5 номинация бойынша конкурс ұйымдастырды, жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтарға табыс етілді.
Қатысушыларға мерекелік концерт ұсынылды.
Медбикелер "Туберкулез!" тақырыбына диктант жүргізді
- Жарияланды 06.03.2020 10:08
- Қаралды: 1287















